Кәсіпкерлік нысандарда карантин талаптарының сақталуы тексерілді

Бүгін Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев,  тәртіп сақшылары және Атамекен Кәсіпкерлік Палатасы қызметкерлері  тойханаларға тексеру жұмыстарын жүргізді. Бүгінде той-томалақ пен мерекелік жиындардың алдын алу мақсатында  Полиция департаменті қызметкерлері тойханалардың маңында 24/7 кезекшілік етуде. 

image.png

Сондай-ақ  рейд барысында Мега және Цум сауда орталықтарындағы карантин талаптарының сақталуы тексерілді. Аталған ірі ойын-сауық кешендерінде  сатушылар мен тұтынушылардың бетпердесіз  жүргендігі және арақашықтықтың сақталмағандығы анықталды. Кей жерлерде санитайзерлер мен дезинфекциялық кілемшелер  жоқ. 

image.png

Бұл мәселелер бойынша сауда орталықтың  басшылығы мен әкімшілігіне түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, тиісінше айыппұл салынды.Карантин талабына сәйкес қоғамдық көлікте жолаушыларға бетперде тағу міндеттелген. Осыған байланысты автобустардағы жолаушыларға қаулы талаптары түсіндіріліп, бетпердесіз отырған жағдайда айыппұл салынатындығы ескертілді.

Құрметті шымкенттіктер, індетті одан әрі ушықтырмас үшін қоғамдық орындарда бетперде тағып, арақашықтықты қатаң сақтауға шақырамыз.

image.png