«QAZ ЕТ» әлеуметтік дүкенінің тағы бір нүктесі іске қосылды
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында қала аумағында ауыл шаруашылығы саласында бірқатар іс-шаралар атқарылуда.
Солардың бірі әлеуметтік азық-түлік бағасын тұрақтандыру шаралары аясында жыл басынан бері қала аумағында 2 «Әлеуметтік дүкен» ашылған болатын.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Егіс даласынан дүкен сөресіне дейін» атты пилоттық жобасын жүзеге асыру мақсатында қала әкімі М.Әйтенов Шымкент қаласында әлеуметтік дүкендер санын көбейтуді тапсырған болатын.
Осы мақсатта қаламызда азық-түлік бағаларын тұрақтандыру шаралары аясында «Әлеуметтік дүкендер» санын арттыру үшін қаламыздағы ірі шаруашылықтың бірі мал бордақылаумен айналысатын «Қасқасу-С» ШҚ-на айналымға 200 млн. теңге қарыз қаражат беріліп, келісімшарт түзілген.
Бүгін аталған келісім шарт аясында Нұрсәт мөлтек ауданы, Назарбеков көшесі 12/5 мекен-жайында «QAZ ЕТ» әлеуметтік дүкенінің екінші нүктесі жұмысын бастады.
Айта кетейік, әлеуметтік дүкенде ет өнімдері белгіленген бағада сатылатын болады.
Алдағы уақытта шаруақожалық халқы тығыз орналасқан аймақтарда жыл соңына дейін 2 әлеуметтік дүкен және 4 жылжымалы ет өнімдерін сататын сауда нүктелерін іске қосуды жоспарлап отыр.