Шымкентте екпе алуға үндейтін акция өтті

"Мен қауіпсіздіктемін" деп аталатын акцияның өтуіне қалалық Жастар ресурстық орталығы және еріктілер  атсалысты. Тұрғындарды екпе алуға үндеген шара мегаполистегі №1, № 3 және №6 емханаларда ұйымдастырылды.

image.png

 Еріктілер емханаға екпе алуға келген тұрғындарға "Мен қауіпсіздіктемін" браслетін таратты. 

- Қазір қаладағы эпидахуал күрделі. Мегаполистегі коронавирусты емдеу орталықтарында ауырып жатқан науқастар көп. Олардың көбісі дәрігердің кеңесін алмай, өз бетінше ем-шара қабылдағандар және вакцина алмаған пациенттер. Соның салдарынан адамдардың дерті ушығып,  соңы қайғылы жағдайға ұшыруда. Сондықтан қауіпті індеттің алдын алып, ауырмаудың тиімді жолы - екпе алу екенін ұмытпайық, - дейді №1 қалалық емхананың  терапевт дәрігері Балнұр Пазилова.  

image.png

Айта кетейік, Шымкентте  жалпы екпе алу науқаны басталғалы 394 484 адам вакцина салдырды. Оның 319 297-сі вакцинаның екі компонентін алған.

image.png