ҰҚК радикалды ағымдардың жақтаушылары ұсталды
Үстіміздегі жылғы 13 тамызда ҰҚК жүргізген сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында терроризмді насихаттау және діни алауыздықты қоздыру күдігімен Атырау, Жаңаөзен және Шымкент қалаларының 4 тұрғыны сот санкциясымен қамауға алынды.
- Аталған адамдар шетелдік радикалды уағызшылардың ұстанымындағы дәстүрлі емес діни ағымның өкілдері болып табылады, - ҰҚК баспасөз қызметі.
Өзге мәлімет тергеу мүддесінде жария етілмейді.