Екпе алмаса, қауіп көп...

Шымкентте 15 тамыз күні КВИ-дің 560 жағдайы тіркелді (белгілері бар – 452, белгілері жоқ – 108). 159 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 401 адам үй бақылауына алынды.

image.png

Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 3 930 орын бар, төсек орын толымдығы 66,1%-ды құрайды, 1329 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 2601 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде – 589 төсек орын бар, 382 науқас ем қабылдауда. 

Жүргізілген зертханалық зерттеулер (ПТР) – 406 518, тәулігіне – 3313.

Бір тәулік ішінде қалада 1824 адам вакцина алды  (I компонент-918, II компонент-906). Егу науқаны басталғалы барлығы 399 371 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 325 324 адам вакцинаның екі компонентін алды.

Қала аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізетін 40 мобильдік топ жұмыс атқаруда. Олар соңғы тәуліте 444 нысанға тексеру жұмыстарын жүргізді. Оның ішінде 9 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Коронавирус – адамзат тарихындағы төтенше жағдай. Ал, вакцина – адамзаттың ең үздік ғылыми жаңалығының бірі болды. Еліңізді сүйсеңіз, өзіңіз де екпе алып, туыс-туғанға да салдырыңыз. Осылайша ұжымдық иммунитет қалыптастыру өте маңызды. Бұл кейінгі жамандықтан сақтамақ!

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Екпе алмаса, қауіп көп...