Әл-Фараби ауданында биыл 29 спорт алаңшасы салынады

Мемлекет басшысының барлық жастағы ел азаматтары арасында бұқаралық спортты дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына заманауи 29 спорт алаңшасы салынады деп жоспарлануда.

image.png

Ашық спорт алаңшаларының 4-і меценат Серік Түлбасовтің жеке қоры есебінен салынып жатса, қалған 25-і бюджет қаржысынан салынатын болады.

Қазіргі таңда, демеуші есебінен салынып жатқан Қалдаяқов көшесі №4/5, Әлімбетов көшесі 45в, «Отырар» ш/а., №52 және «Текесу» тұрғын алабындағы спорт алаңшалары халық игілігне пайдалануға берілді. Қалған аулалар жыл соңына дейін салынып, пайдалануға берілетін болады. 

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызмет