Түркістан облысына «VERO CELL» вакцинасының 52 мың дозасы жеткізілді
Бүгін өңірге Қытайда өндірілген вакцина «Vero Cell» вакцинасының 52 мың дозасы жеткізілді. Аталған екпені барлық емханалар мен екпе салдыру пункттерінен қабалдауға болады. Жаңа вакцинаны сақтаудың температуралық режимі QazVac екпесіне сәйкес келеді. Енді облыс тұрғындары ресейлік «Спутник V», отандық QazVac, Sinopharm компаниясының HayatVax екпесі, Қытайдың жасап шығарған CoronaVac және Sinopharm компаниясының Vero Cell вакцинасын қабылдай алады.
Жалпы өңірге COVID-19 індетіне қарсы вакцинаның 736 460 дозасы жеткізілген. І-компонентпен 686 742 адам немесе 96%, ІІ-компонентпен – 531 942 адам немесе 80% егілген.
Соңғы тәулікте коронавирус инфекциясының 139 жағдайы тіркелді. Тәуліктік өсім 1.18 % құрайды. Індет басталғалы коронавирустың 11 898 жағдайы анықталды. Айта кетейік, облыстағы мекемелерде 8 оттегі станциясы, 400 ӨЖЖ аппараты, мыңнан аса оттегі аппараты бар. Сондай-ақ, 2 айға жететін дәрі-дәрмек қоры жасақталған, 40-тан астам дәрі қоймасы мен 800-дей дәріхана бар.