Цой коронавирусқа байланысты жаңа болжамын жариялады
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайдың үш сценарийін болжады.
- Министрлік эпидемиологиялық жағдай болжамын қарашаға дейін жаңартты. Сонымен, пессимистік сценарий бойынша қыркүйекте тіркелетін жағдайлардың орташа тәуліктік саны 6300 жағдайға дейін, қазанда 2400 жағдайға дейін болады. Шынайы сценарий бойынша, қыркүйекте - 5300 жағдайға дейін, қазанда - 1800 жағдайға дейін. Оптимистік сценарий бойынша, қыркүйекте - 4200 жағдайға дейін, қазанда - күніне 1300 жағдайға дейін, - деді Цой үкімет отырысында.