Өрттің шығу салдары анықталуда
Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығына қарасты «Шымқала» этноауыл аумағында орналасқан садақ атуға арналған қамыс қораның 8 ш.м. аумағы 26.08.2021 жылы сағ. 00:49-да жанды.
Оқиға орнына төтенше жағдайлар департаментінің 25 қызметкері мен 5 дана техникасы жұмылдырылып, өрт сағат 01:19-да толығымен сөндірілді. Өрт барысында мемлекет мүлігіне нұқсан келген жоқ.
Алдын-ала болжам бойынша садақ ату орнын арнайы өртеген болуы мүмкін. Қазіргі танда өрттің шығу салдары анықталуда.
Алайда, қала қонақтары мен тұрғындарына қолайсыздық тудырмау мақсатында садақ ату орны жақын арада ретке келтіріліп, өз жұмысын жалғастыратын болады.
Алдыңғы: Президенттік жастар кадр резерві