Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасы кезекті алтын жүлделерге қол жеткізді

Шымкентте өтіп жатқан нысана көздеуден Азия чемпионатында қазақстандық мергендер тағы да жеңіс тұғырынан көрінді.

image.png

Ересектер арасында 10 метрге пневматикалық винтовкамен көздеу жаттығуында Ислам Усейнов Азия чемпионы атанды. Ол 632,7 ұпаймен ел рекордын жаңартты. Екінші орынды Таиланд, үшінші орынды Бахрейн спортшылары еншіледі.

Ал жасөспірімдер арасында 10 метрге пневматикалық винтовкамен көздеуден үш жүлделі орынды отандық спортшылар еншіледі. Никита Шахторин алтын, Руслан Загитов күміс, Матвей Тимофеев қола жүлдегер атанды. 

Нысана көздеуден Азия чемпионаты 20 қыркүйекке дейін жалғасады. 

image.png

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі