Сайрам ауданында жаялық шығаратын зауыт іске қосылды

243399375_4259470337502606_8009361276826415523_n.jpg

Түркістан облысында Қазақстандағы алғашқы ересектер мен балаларға арналған жаялықтар шығаратын зауыт өз жұмысын бастады. Түрік компаниясы «Royal Hijyen ve Sağlık Ürünleri San. Tic. A.Ş.» (Роял Хиджиен) және Түркістан облысының мүгедектер қоғамы «CaPable Group» бірлесіп, Сайрам ауданында өндірістік қуаты жылына 100 млн. дана болатын жөргектерді өндіру жобасын іске асырудға кірісіп кетті. Өндіріс орнында 60 жаңа жұмыс орны ашылды.

243247199_4259473230835650_20832548088576398_n.jpg

Сайрам ауданына жұмыс сапарымен келген Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев құны 3 млрд. теңгені құрайтын жобамен танысты. Айта кету керек, бұл өндіріс ең алдымен облыстың барлық мүгедектерін жаялықтармен қамтамасыз етеді, ал қалған бөлігі басқа өңірлерге кетеді.

Толық қуатқа шыққаннан кейін инвесторлар өз өнімдерін ЕАЭО және ТМД елдеріне экспорттауды жоспарлап отыр. Бұл өз кезегінде отандық экспорттың дамуына қосымша серпін береді. Жобаны іске асыру барысында инвесторлар ҚР СІМ Инвестициялар комитетімен жасалған инвестициялық келісімшарт шеңберінде мемлекеттік преференцияларға ие болды.

Түркістан облысы Сайрам ауданында 21 мың бас мал бордақылау алаңының құрылысы жүргізілуде. Қайнарбұлақ ауыл округіндегі нысанның жалпы аумағы 76 гектарды қамтиды. Түркістан облысының әкімі еліміздегі ең ірі мал бордақылау алаңының жұмысымен танысты.

Жеке кәсіпкер Бексұлтан Бегалиевтің жүзе асырып отырған жобасының құны 3 млрд теңгені құрайды. Екінші деңгейдегі банктер мен АҚҚ корпорациясы арқылы несие алған кәсіпкер тәулігіне 500 тонна ет өндіруді көздейді. Асылтұқымды мал басын бордақылайтын кешенде 25 жергілікті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылады.