Шымкент "EXPO DUBAI 2020" Халықаралық көрмесінде таныстырылады

Screenshot_22.jpg

Шымкент қаласын әлемдік деңгейде таныту басты назарда. Әлемдік аренаға шығару арқылы дүние жүзі халқының назарын аударуға болады. Осы арқылы қалаға келетін туристер санын да арттыруға болады. 

Осы орайда Шымкент қаласы туризм және сырты істер байланысы басқармасының басшысы Ерлан Қыдыров жұмыс сапарымен Біріккен Араб Әмірліктеріне барды.

- Іссапармен Дубайда өтіп жатқан Халықаралық EXPO DUBAI 2020 көрмесіне Шымкент қаласынан қатысып жатырмыз. Кеше, «Мүмкіндіктер» тақырыптық кластерінде орналасқан Қазақстан павильонының ашылу салтанатына БАӘ басшысы шейх Мухаммед ибн-Рашид Аль-Мактум, ҚР елшісі Мадияр Меңілбек, ҚР бас консулы Рауан Жұмабек, ҚР Экспо төрағасы Аллен Чайжунусов қатысты. Қуантарлығы, біздің павильонға келіп, тамашалап, ілтипаттарын білдіріп жатқан адамдар өте көп.

Осы павильонда Шымкент қаласының өнімдерін жеке әрі жан-жақты көрсету мақсатында қараша айында 8 күн қатарынан өткізуге келіссөз жүргізудеміз. Ұсыныс мақұлданған жағдайда шырайлы қаламыздың қонақжайлылығы, дәмді тағамдары, мәдениеті, қалаға виртуалды экскурсия және басқа да дүниелер таныстырылатын болады, - деп жазды Ерлан Қыдыров желідегі парақшасында.