Адам құқықтарын толық қорғау мемлекеттің басты мақсаттарының бірі

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында, Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының ұсынысы бойынша «Шығармашыл жастар» ҚБ ұйымдастыруымен «Әділетті қоғам және тиімді мемлекет» тақырыбындағы кездесу өтті.

image.png

Кездесуде жоба кординаторы "Шаңырақ" ҚБ басшысы Сабира Байзахова, заң ғылымдарының докторы Ермек Бекбосынов арнайы сөз сөйледі.

Сонымен қатар, «Мейірім» қоғамдық бірлестігінің мүшелері, Абай ауданының ардагерлер кеңесінің төрағалары мен зиялы қауым өкілдері, тыл ардагерлері, ауданның белсенді азаматтары сұрақ жауап өткізіп, пікір алмасты.

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласындағы басты ұғым – әділеттілік. Қазіргі таңда барлық күш-жігерімізді тиімді мемлекет пен әділетті қоғам құруға жұмылдырудамыз. Баршамыздың ортақ мақсатымыз - азаматтардың әлеуметтік көңіл-күйін жақсартып, әл-ауқатын арттыру , - деді "Шаңырақ" ҚБ басшысы Сабира Байзахова.

Сөз соңында азаматтардың таңдау еркіндігін барынша қамтамасыз ету, адам құқықтарын толық қорғау мемлекеттің басты мақсатының бірі болып қала беретінін атап өтті.