Аудан әкімі қоғам белсенділерін қабылдады

Бұқараның талап-тілегі мен өтініштерін негізге алып, алдағы жұмыс бағытын нақтылау жергілікті атқарушы органның басты міндеттерінің бірі. Осы ретте, Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев әр бір мемлекеттік орган «Халық үніне құлақ асқан мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру маңыздылығын атап өтті.

image.png

Бүгін аудан әкімі Нұрлан Байғұт бір топ аудан белсенділерін және жекелеген мәселелерімен аудан тұрғындарын қабылдады.

Қоғам белсенділерін қабылдау барысында комуналдық мәселелер мен білім, ішкі саясат, кәсіпкерлік, денсаулық сақтау, спорт және туризм, әлеуметтік саладағы өзекті мәселелер талқыға салынып, ауданымызды дамыту жөніндегі ұсыныстар айтылды.

Әр бір айтылған ұсыныс пен өтінішке аудан әкімі және салаға жауапты бөлім басшылары нақты жауап беріп, іске асыру бойынша алдағы жұмыс жоспарына енгізілетіндігін Нұрлан Мархабатұлы атап өтті.

Кездесуге қатысқан аудандық мәслихат хатшысы С.Сейсенбаев ауданымыздың дамуына үлес қосуға ұсыныстарын жеткізген аудан белсенділеріне алғысын айтып, өз тарапынан да қолдау білдіретіндігін жеткізді.

Жиын түйінінде аудан әкімі мен қоғам белсенділері тұрақты ақпарат алмасып тұру жайлы ортақ мәмілеге келді.

Нұрлан Мархабатұлы қорытынды сөзінде әр қашан халықпен бірге екендігін айтып, ауданымыздың даму жолында әр бір бастаманы Заң аясында жүзеге асыруға дайын екендігін атап өтті.

Содан соң, аудан басшысы жеке қабылдауға жазылған аудан тұрғындарын жеке мәселелерімен қабылдап, өтініштерін қанағаттандыру мақсатында тиісті бөлім басшыларына Заң аясында нақты тапсырмалар жүктеді.

Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

#халықүнінеқұлақасқанмемлекет

#құтмекен

#Түлкібас_Түркістан