Депутаттар аяқ киім өндірісінің жұмысымен танысты

Шымкентте Nur Otan партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасын жүзеге асырудың Жол картасы аясында «Бизнестің жол картасы-2025» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша іске асырылып жатқан жобалар көп.Бүгін сондай жобалардың іске асырылуын Шымкент қалалық маслихатының депутаттары бақылап қайтты.Бұл туралы қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық басқармасы мәлімдеді.

image.png

«Lux Shoes» ЖШС – аяқ киім өндірісімен айналысады. Мемлекеттік бағдарлама арқылы төменгі пайыздық ставкамен 200 млн теңге несие алып, жұмысын бастаған. Бүгінде кәсіпкер 120 мың жұп аяқ киім өндіреді. Таза былғарыдан тігіледі. Сондықтан отандық өнімге деген сұраныс жоғары.

«LUX Shoes» ЖШС аяқ киім фабрикасына жабдықтарды сатып алу үшін «АТФ Банк» АҚ арқылы 15%-бен «Қарапайым заттар экономикасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында несие рәсімдеп, оның 9% мемлекет  тарапынан субсидияланып, кәсіпкер небәрі 6% өзі төлейді.

Айта кету керек, фабрика «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқан. Яғни салық бойынша жеңілдіктер бар. Өндіріске қажет жарық пен көгілдір отынға да жеңілдік қарастырылған.

Отандық өнімді дамытуды қалайтын кәсіпкерлерге барша мүмкіндік қарастырылуда.

«Lux Shoes» ЖШС-нің негізгі мақсаттарының бірі Орталық Азия елдерінде өнімді өткізу нарығын жаулау, сондай-ақ Қазақстанның ең үздік бәсекеге қабілетті кәсіпорындарының қатарына кіру болып табылады.