Шымкентте маршруттардың қозғалыс сызбасы өзгерді

Шымкентте Қонаев - Рысқұлов даңғылының ашылуына байланысты маршруттардың қозғалыс сызбасына өзгерістер енгізіледі.  

image.png

Атап айтқанда, кезінде Дулати, Байтұрысынов арқылы жүргізілген бірқатар қоғамдық көліктердің қозғалыс сызбасы өзгерді. Атап айтатын болсақ №10, №17, №27, №35, №37, №45, №56, №57, №72, №158 бағыттар бойынша өзгерістер енгізілген болады. Жуырда пайдалануға берілген Қонаев-Рысқұлов даңғылындағы жолайрықтың ашылуы қала көшелеріндегі көлік кептелісін азайтуға септігін тигізеді.