Марат Пашимов жеке мәселелерімен келген тұрғындарды қабылдады
Түркістан облысының орталығындағы Басқармалар үйі ғимаратында Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимов тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, арыз-шағымдарын тыңдап, сұрақтарына жауап берді.
Қабылдауға келген азаматтар жұмысқа орналасу, мүгедектік анықтамасын алу, ем алу бойынша мәселе көтеріп, өтініштерін айтты. Ұсыныстарын ортаға салды.
Қабылдауға келген тұрғындардың өтiнiштерiн мұқият тыңдаған басқарма басшысы олардың тарапынан айтылған мәселелер бақылауында болатындығын айтып, оңтайлы шешiмiн табуы үшiн тиiстi дәрігерлерге тапсырмалар жүктеді. Жұмысқа орналасу мәселесі бойынша бос жұмыс орындары болған жағдайда заңдылығына сәйкес, тиісті шешім қабылданатынын жеткізді.