Шымкентте алғаш рет ерекше ота жасалды
Қаладағы №1 аурухана базасында дәрігерлер инсульт алған 69 жастағы науқастың ми қан тамырын михрохирругиялық әдіспен тігіп берді. Шымкентте алғаш рет жасалған отаны еліміздің үздік нейрохирургі Еркін Медетов жасады.
Науқас аталған аруруханаға жедел жәрдем қызметімен жеткізілген. Инсульт алған науқасты дәрігерлер ангиографиялық әдіспен тексеріп, қан тамырындағы ақауды анықтаған. Пациенттің өмірін аман алып қалу үшін дәрігерлер шұғыл түрде оны ота залына кіргізіп, ми қантамырана хирургиялық ем жасады.
– Тексеру кезінде науқастың шат тамыры арқылы еніп, ми қан тамырларын тексердік. Тексерудің нәтижесінде ми қан тамырының бітелгенін анықтадық. Мидың сол аймағына қанның жетіспеушілігіне байланысты жаңадан тамыр тігу қажет болды. Сондықтан осы операцияны жасадық. Бұл отаның мақсаты мидың қан жетпей тұрған аймағына айналма жол арқылы қан жеткізу, - дейді нейрохирург Еркін Жұмағалиұлы.
Науқас қазір өзінің жағдайы жақсы екенін, дәрігерлерге, осындай үлкен мүмкіндік берген мемлекеттік қолдауға алғысын айтып отыр.
- «Әкем үшін қатты уайымдадық. Мұндай операция қаламызда жасалатынын білмедік. Әкемнің жағдайы қазір жақсы. Дәрігерлерге тағы да рақмет» - дейді науқастың ұлы Қайрат Әкенов.
Айта кету керек, мұндай операция 10 мың долларға бағаланады. Алайда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру кезінде қаланың медициналық мекемелерінде хирургиялық емдеу тегін көрсетіледі.
Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында жоғары білікті медициналық көмекті дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруда биыл екі инсульт орталығы ашылды. Бұдан басқа, қалалық бюджеттен медициналық мекемелердің материалдық-техникалық базасын жарақтандыруға 6,5 млрд.теңге бөлінді.
Шымкенттегі инсультпен ауыратын науқастарды емдеуге жатқызуды талдау кезінде пациенттердің тек 7% ғана өзін-өзі емдеу арқылы стационарға түсетіні және жедел медициналық көмек желісі бойынша 87% , пациенттердің 5% емханалар желісі бойынша түсетіні және қалған 1% басқалай жолмен стационарға түсетіні анықталды. Сондықтан дәрігерлер ауруды өршітіп алмау үшін емханаларға уақытында барып, ем қабылдау керек екенін ескертеді.