Сенат Нұрлан Қылышбаевтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты

Басқа қызметке ауысуына байланысты сенат депутаты Нұрлан Қылышбаевтың депутаттық өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. 

image.png

- Нұрлан Наурызұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты депутаттық өкілеттігін тоқтату туралы өтініш берді. Орталық сайлау комиссиясы тиісті өтінішті қарап, сенатқа ұсыныс енгізді - деді Сенат спикері Мәулен Әшімбаев

Депутаттар оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға дауыс берді.

Нұрлан Қылышбаев 01.06.1971 жылы Талдықорған облысы Талдықорған қаласында дүниеге келген.

Талдықорған орман шаруашылығының аңшаруашылығы өндірістік бірлестігі бөлімінің жетекші инженері (1994-1996)

Алматы облысы Ішкі істер басқармасы қылмыстық істер бөлімінің жедел уәкілі (1996-1997)

Талдықорған қаласы әкімінің көмекшісі (1997-1999)

Жамбыл облысы әкімі аппаратының бас маманы, бөлім басшысы (1999-2003)

Жамбыл облысы мемлекеттік сатып алулар басқармасы бастығының орынбасары, бастығы (2003-2004)

«Жігер» ААҚ төрағасы, Алматы қ. (2004-2010)

Алматы облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары (2010-2013)

Алматы облысы Ескелді ауданының әкімі (07.2013-06.2016)

Партияға тиесілілігі: «Нұр Отан» партиясының мүшесі

Мемлекеттік наградалары: «Құрмет» ордені, мерекелік медальдар

Сайланбалы қызмет, депутаттығы: Алматы облысынан сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (01.07.2016 ж., 29.06.2017 ж. қайта сайланған), Қаржы және бюджет комитетінің хатшысы.