«Қасіретті қаңтар»: Тоқаев ауыр қылмыс болмаса, жазаны жеңілдетуді тапсырды

Screenshot_1.jpg

Бұл туралы Мемлекет басшысы twitter-де жазды.

«Қасіретті қаңтар» оқиғалары кезінде және төтенше жағдай енгізілгеннен кейін түрлі құқықбұзушылық жасағаны үшін 2 мыңға жуық адам ұсталды. Қылмыс жасаған адамдар заң бойынша жауапқа тартылады", – деп жазды Президент.

Сондай- ақ Мемлекет басшысы Бас прокуратураға басқа адамдардың кінәсі қандай дәрежеде екенін анықтауды тапсыратынын да айтты.

"Бас прокуратураға басқа адамдардың кінәсі қандай дәрежеде екенін анықтауды тапсырамын. Жауаптылықты ауырлататын мән-жай болмаса, жазаны жеңілдету үшін шара қабылдаған жөн", – деді Тоқаев.