Тараздық полицейлер қала аумағынан 52 бірлік қару тапты

Screenshot_1.jpg

Тараз қаласының полицейлері қару-жарақ пен оқ-дәрілерді іздестіру жұмыстарын жалғастырып жатыр. Бұл туралы Жамбыл облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қала аумағында өткізіліп жатқан «Құқықтық тәртіп»  республикалық жедел профилактикалық іс-шарасы барысында барлық көп қабатты үйлер, саяжайлар, гараж кооперативтері, саябақтар мен скверлер жіті тексеріліп жатыр. 

19 қаңтарда полиция қызметкерлері іздестіру шаралары кезінде қала аумағынан 52 бірлік қару табылды. Оның ішінде атыс қаруына жататын 1 «Калашников» маркалы автоматы, 4 бірлік «аңшы мылтығы», 11 бірлік «Макаров» маркалы тапаншасы, 7 сүңгі пышақ және тағы басқа пневматикалық, травматикалық қарулар анықталып, тәркіленді. Тәркіленген қару-жарақтарға қатысты арнайы сот-баллистикалық сараптамасы тағайындалды.

Тараз қаласы Полиция басқармасы қарудың, оқ-дәрілердің, арнайы құралдардың орны туралы хабарлаған немесе оларды полицияға өз еркімен тапсырған адам қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын еске салады. Анонимділікке кепілдік беріледі.