Ердоған Тоқаевқа шынайы алғыс айтты

Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған Қазақстан мемлекетінің басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.

Screenshot_3.jpg

"Құрметті Президент Тоқаев, игі ниеттеріңіз үшін өз атымнан және Емине ханым атынан рахмет айтамын. Бауырлас Қазақстан халқына сәлемім мен сүйішпеншілігімді жолдаймын", - деп жазды Тwitter-дегі парақшасында Режеп Тайип Ердоған.

Еске сала кетейік, Ердоған коронавирус дертімен ауырып қалған болатын. Осыған орай Тоқаев: 

"Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанға Омикрон вирусынан тез сауығып кетуін тілеймін. Президент мырза, шын жүректен отбасыңызға амандық тілеймін", - деп жазған болатын Твиттер парақшасында. 


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Ердоған Тоқаевқа шынайы алғыс айтты