Ләйлә Сұлтанқызы Денсаулық сақтау министріне маңызды ұсыныс жасады

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы "Қазақстан халқына" қорына жиналған ақшаға қатысты өзінің ойын айтты. Оның пікірінше, жиналған қаражатты балалардың еміне жұмсаған дұрыс, алайда халықтың денсаулығын жақсартуға да барынша дұрыс көңіл бөлінуі қажет екенін ұмытпаған абзал.

Screenshot_4.jpg

"Жүрегіміз тастан ба, еттен бе? "Қазақстан халқына" қорына ақша жиналып жатқанын алақайлап жүрміз. Енді сол қаражат жұмсалатын балалар еміне келейікші, ащы шындығы сол - біз балалардың бәрін бұл ақшамен емдеп тастай алмаймыз. Мәселені ақшамен шеше салу оңай көрінгенімен, бұл себебімен емес, салдарымен күресу ғана. Қарап отырсаңыздар, блогерлер, танымал адамдар талай балаға көмектесіп жүр. Ел болып ақша жинауда. Игі іс. Бірақ мұның барлығы салдарымен күресу. Көп балалар ауруларының алдын алу үшін не істелінуде, не істелуі тиіс? Өз ойыммен бөлісейін, қосарыңыз болса жазыңыз. Денсаулық сақтау министрі Ажар ханымға жеткізейік.

Ең үздік деген, халықаралық стандартқа сай техника жеткізіп, онымен жұмыс істейтін мамандарды неге оқытпаймыз? 

Неге бала жоспарлау кезінде нақты әке-шеше жауапкершілігіне ден қойып, шалғай жерлерде тегін курстар ашпаймыз ("Болашақ ата-аналар мектебі")? 

Неге генетикалық ауруларды ерте анықтайтын анализдерді тегін қылмасқа және әрбір аудан орталығында қолжетімді етпеске? 

Жүкті келіншектерге, туған соң ай сайын емханаға жете алмайтындарға неге жағдай жасамаймыз? 

Тегін массаж, дәрумендер, кейбір узкий специалистердің қабылдауы мен емін қолжетімді қылу т.с.т", - деп жазды ол.