Елизавета II патшайым коронавирус жұқтырды
Британия патшайымы Елизавета II коронавирус жұқтырды, деп хабарлады Букингем сарайы.
Бұл туралы ҚазАқпарат BBC агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. Агенттіктің жазуынша, патшайымға аздап суық тиген. Алайда сарайдағылар осы аптада оның Виндзордағы қызметін жалғастыратынын мәлім етті.
«Оған медициналық көмек көрсетіліп, барлық қажетті талаптарды орындайды»,-делінген мәлімдемеде.
Патшайымға вакцина салынды Елизавета ІІ 95 жаста. Ол өзінің үлкен ұлы және мұрагері Уэльс ханзадасымен байланыста болғаны белгілі. Ал өткен аптада ханзададан алынған сынама қорытындылары оның коронавирусқа шалдыққанын растап шыққан.
2021 жылдың 9 қаңтарында патшайым Елизавета II коронавирусқа қарсы алғашқы вакцинасын алғаны хабарланды. Корольдік сарайдағы BBC тілшісі Николас Витчеллдің айтуынша, патшайым вакцинаның толық курсынан өткен.
2022 жылдың 6 ақпанында Елизавета II патшайым тақтағы платина мерейтойын атап өтті. Ол 70 жыл билік еткен тарихтағы алғашқы британдық монарх болды.
Патшайымның платина мерейтойын тойлауы біршама уақытқа созылады және оның шарықтау шегі жаздың басына жоспарланған: Ұлыбританияда 2-5 маусым аралығындағы күндер жалпыға ұлттық демалыс жарияланды.