2025 жылға дейін Қазақстанда 8 аурухана салынады
Алдағы 5 жылда еліміздің 15 ірі қаласында 20 заманауи аурухана салынады деп жоспарланған еді. Президент үкімет отырысында бұл жобаларға бөлінген қаражат есебін қайта қарауды тапсырды.
Нәтижесінде, салынатын ауруханалар саны қысқарып, қамтылатын өңірлер де азайды. Енді 20 емес, 8 аурухана салынады. Саны азайғанымен құрылыс уақыты сол қалпы – 5 жыл. Сондай-ақ, қамтылуы керек 15 өңір 8 қалаға қысқарды.
Нақтырақ айтсақ, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Ақтөбе, Нұр-Сұлтан қалаларында университеттік ауруханалар, ал Түркістан, Петропавл, Көкшетауда көпбейінді ауруханалардың құрылысы басталмақ.