ЕО жасөспірімдерге арналған Comirnaty вакцинасының үдеткіш дозасын мақұлдады
Еуропалық Одақ реттеушісі 12 жастан бастап жасөспірімдерге арналған Comirnaty вакцинасының үдеткіш дозасын мақұлдады, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы.
Сонымен қатар, Еуропалық дәрі-дәрмектер агенттігі (EMA) 6-11 жас аралығындағы балаларды Moderna компаниясының Spikevax препаратымен вакцинациялау туралы өтінішін мақұлдауды ұсынды.
Италия билігі 31 наурыздан бастап ковидке байланысты төтенше жағдай режимін ұзартпайды. Атап айтқанда, елде қоғамдық орындарға бару үшін қажет болатын вакциналық рұқсаттамаларды кезең-кезеңімен алып тастау жоспарлануда.
Бұл, ең алдымен, жәрмеңкелер, спорттық іс-шаралар, фестивальдар мен шоуларды қоса алғанда, ашық аспан астындағы бұқаралық іс-шараларға қатысушыларға қатысты болады.
Нью-Дели билігі 28 ақпаннан бастап covid-19 вирусына байланысты шектеулерді алып тастай бастайды. Қалада коменданттық сағат тоқтатылады, сонымен қатар маскалар болмағаны үшін айыппұл мөлшері 1000-нан 500-ге дейін төмендетіледі. Үндістан астанасының Бас министрі Арвинд Кежривал атап өткендей, Нью-Дели мектептерінде күндізгі оқу 1 сәуірден бастап қайта басталады.
Бөлісу тақырыбы: ЕО жасөспірімдерге арналған Comirnaty вакцинасының үдеткіш дозасын мақұлдады