Коронавирус жұқтырған 102 адамның жағдайы ауыр - министрлік
10 наурыздағы мәлімет бойынша 12 804 адам коронавирус инфекциясынан (11 773 КВИ+ және 1 031 КВИ-) емделуде. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлайды.
Олардың ішінде
-1 250 пациент стационарда,
-11 554 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+,
КВИ- шалдыққандардың арасында:
-102 адамның жағдайы ауыр,
-34 пациенттің жағдайы өте ауыр,
-23 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.