Қайрат Сатыбалдыұлы екі айға қамауға алынды

Screenshot_1.jpg

Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының санкциясымен Қайрат Сатыбалдыұлы екі айға қамауға алынды.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы сотының сайтында жарияланды.

2022 жылғы 15 наурызда Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қ.Сатыбалдыұлына қатысты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады, - делінген хабарламада.

Қылмыстық процестік кодекстің 201 бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректерін жария етуге жол берілмейді.