Қазақстанда қатерлі ісікті тегін анықтау бойынша ашық есік күні өтіп жатыр
Бүгін еліміздің онкологиялық ұйымдарында колоректалдық қатерлі ісік (тоқ ішек обыры) бойынша тегін скринингтік тексеру жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
«2022 жылдың 26 наурызында (сенбі) сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін Қазақстанның онкологиялық мекемелерінде (онкодиспансерлерінде) колоректальды қатерлі ісіктің алдын алу және ерте диагностикалау бойынша ашық есік күні өтеді. Онкологтар тегін қабылдау жүргізілетін болады. Тексеруден өтуге өтініш білдірушілер онкологтардан білікті кеңес ала алады; керек жағдайда одан әрі тексерулер тағайындалады», - делінген министрліктің хабарламасында.
Егер сізді төменде көрсетілген белгілер мазаласа, онкологтың тексеруінен өтуіңіз керек.
- Іштің тұрақты ауыруы;
- тұрақты іш қату, іш өту, диарея, нәжістегі қан және/немесе шырыш;
- Ішектің толық босатылмауы, қайта-қайта үлкен дәретке шыға бергіңіз келу, дефекация кезіндегі ауырсыну сезімі;
- тік ішектен қан кету, нәжістегі қанның қара іздері;
- Нәжіс деформациясы (бұралған немесе «қарындаш тәрізді нәжіс»);
- Ыңғайсыздық немесе ентігу; - Түсініксіз шаршау, тәбет жоғалту, салмақ жоғалту; - Жамбас ауруы;
- Сіз 50 жастан асқансыз. Колоректальды қатерлі ісік – тоқ және тік ішектің әртүрлі бөлімдерінің қатерлі ісігі. Колоректальды қатерлі ісік әлемдегі онкологиялық аурулардың құрылымында жетекші орындардың бірін алады және өсу үрдісіне ие.
ДДҰ болжамы бойынша 2030 жылға қарай колоректальды қатерлі ісік ауруының жаңа жағдайларының 77%-ға және колоректальды қатерлі ісік ауруынан қайтыс болғандардың саны 80%-ға артуы мүмкін екен.
2021 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда онкологиялық аурулар құрылымында колоректальды қатерлі ісік 3-орынды алады (үлес салмағы 9,1%, 3 294 жаңа жағдай). Жыл сайын колоректальды қатерлі ісіктің 3000-нан астам жағдайы тіркеледі. Және осы сырқаттан 1500-ге жуық науқас қайтыс болады.
Қазақстан ТМД-дағы 2011 жылдан бастап «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде колоректалды қатерлі ісікті ерте диагностикалау бойынша скринингтік бағдарлама енгізілген алғашқы ел. 50 жастан 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер МӘМС шеңберінде тегін емханаларда Колоректалды қатерлі ісікке қарсы скринингтік тексеруден өте алады. Скринингтік бағдарламаның әдістері:
1. Жасырын қанға нәжісті иммунохимиялық зерттеу – iFOBT-тест (гемокульт-тест).
- мақсатты топтағы барлық ерлер мен әйелдер жасырын қанға нәжісті иммунохимиялық зерттеуді дербес жүргізеді. 2. Жалпы колоноскопия.
– нәжісті жасырын қанға оң талдау кезінде тоқ ішекке эндоскопиялық тексеру жалпы колоноскопия жүргізіледі.
Колоректальды қатерлі ісік диагнозын дер кезінде анықтаған кезде тоқ ішек полиптерін алып тастау, емдеу нәтижелерін жақсарту мүмкін болады.
Онкологиялық ауруларды диагностикалау, емдеу және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде көрсетіледі.
Бөлісу тақырыбы: Қазақстанда қатерлі ісікті тегін анықтау бойынша ашық есік күні өтіп жатыр