Дәрігерлердің біліктілігін арттыру жұмыстары жүйелі түрде атқарылуда

295370783_5405797699468458_7116809451632767183_n.jpg

Түркістан облысында 6 мың штаттық бірлік бар, соның ішінде 4,5 мыңы практик дәрігерлер. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Түркістан облысына жасаған жұмыс сапарында мәлімдеді. 

Министр халықпен болған кездесуде Түркістан облысының басшылығымен кадр тапшылығы мәселесін шешу жайы талқыланғанын жеткізді.

- Жыл сайын жүздеген дәрігер сіздің облысқа, жақын отырған бұрын облыс орталығы болған Шымкентке де 150-ден астам дәрігерлер келеді. Енді сол жас мамандарды баулып, елге сіңіп кетуі үшін көмектесу керек. Ол жергілікті атқарушы органдардың жұмысы болып табылады, - деді Ажар Ғиният. 

Айта кетейік, өңірде медицина саласында жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Жаңа нысандар салынып, дәрігерлердің біліктілігін арттыру мен цифрландыру, жедел жәрдем көліктерімен қамту жұмыстары өз ретімен жүзеге асырылуда. Алдағы уақытта да аймаққа министрлік тарапынан көп көңіл бөлініп, аталған саланың одан әрі дамып, өркендеуіне жағдай жасалмақ.