«Көркемсөздің көшбасшысы, көсемсөздің қолбасшысы» атты халықаралық симпозиум өтеді

Screenshot_2.jpg

Мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы Шерхан Мұртазаның 90 жылдық мерейтойына арналған «Көркемсөздің көшбасшысы, көсемсөздің  қолбасшысы» атты халықаралық симпозиум өтеді. Іс-шараның мақсаты - Шерхан Мұртазаның жазушы, журналист, мемлекеттік қайраткер ретінде атқарған еңбектерін, әдеби-публицистикалық мұрасын дәріптеу, тағылымы мол өмірі мен шығармашылығын насихаттау. Симпозиумға Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркияның белгілі  қаламгерлері қатысады деп күтілуде.

Халықаралық симпозиумның өтетін уақыты: 15 желтоқсан сағат 11.00

Өтетін жері: Түркістан қаласы, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Сенат залы

Осы іс-шараға құрметті қонақ ретінде қатысуға шақырамыз!