Өткен тәулікте елімізде 62 адам коронавирус жұқтырды

image.png

Өткен тәулікте Қазақстанда 62 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

26 қаңтардағы мәлімет бойынша, 1 711 адам коронавирус инфекциясынан (–1 569+ және 142 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 114 пациент стационарда, 1 597 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

«КВИ-ге шалдыққандардың арасында 6 адамның жағдайы ауыр, 4 пациенттің жағдайы өте ауыр, 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр», - деп жазды ведомстводан.