"Ауыл" партиясы – отандық өндірісті қолдауда!

Бүгін “Ауыл” партиясының Түркістан облыстық филиалының кеңесшісі Қалдығозов Нартай Әшірбайұлы мен Сайрам ауданы бойынша “Ауыл” партиясының аумақтық ұйым төрағасы Есіркеп Жайлаубеков Ақсукент ауыл округіндегі “OSCARFEED” құрама жем зауытына барып, кәсіпорынның жұмысымен танысты.
Мекеменің атқарушы директоры Мырзакаримов Акбар зауыттың қызметі туралы жан-жақты мәлімет беріп, бір жұмыс ауысымында 120 тонна құрама жем өндірілетінін атап өтті. Мұнда ірі қараға, жылқыға, қой мен ешкіге арналған жем түрлері дайындалады. Барлық шикізат елімізден алынады – бұл отандық өнімнің дамуына қосқан үлкен үлес.
Айта кетерлігі, кәсіпорын қазіргі уақытта көкпар мен бәйгеге қатысатын аттарға арналған арнайы жем түрін шығаруды қолға алған.
Нартай Әшірбайұлы өндіріс барысымен танысып, өнім құрамындағы табиғи шикізаттардың сапасына көз жеткізіп, зауыт ұжымының еңбегіне жоғары баға берді.
“Ауыл” партиясы ауыл шаруашылығын, отандық өндірушілерді және еңбек адамын қолдау бағытындағы жұмыстарын жалғастыра береді!
