Түлкібаста каналдар тазаланды

Түлкібас ауданында үй іргесіндегі бау-бақшаны ағын сумен қамтамасыз ету өзекті мәселелердің бірі болатын. Тұрғындар тарапынан жиі көтерілетін бұл мәселені шешу мақсатында аудан әкімі Нұрбол Тұрашбековтің бастамасымен бірқатар жұмыстар іске асырылуда. Нәтижесінде аудандағы демеушілер есебінен 108 шақырымды құрайтын каналдар тазаудан өтуде. 

Бұл бағытта бүгінгі таңда аудан әкімдігінің ұйытқы болуымен бірқатар жұмыстар іске асырылуда. Нақты айтар болсақ, демеушілер есебінен аудан аумағындағы 108,3 шақырымды құрайтын 32 каналға механикалық тазалау жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде 2997 гектар жерге ағын су барып, 2960 үйдің іргелік жерлері қайта айналымға қосылатын болады. Бұл бағытта жұмыстың жандануы ауыл аймақтарда тұратын тұрғындардың әл-ауқатының артуына тікелей ықпал етпек. Себебі, ауыл тұрғындарының үй іргелік жерлеріне егін егіп, өнім алуына мүмкіндік тумақ. 

Түлкібас ауданы әкімінің өткен жылды қорытындылау мақсатында елді мекен тұрғындарымен кездесуінде тұрғындардың басым көпшілігінің көтерген мәселесі үй іргелік аумаққа ағынды су келуін қамтамасыз ету болатын. Арық-атыз тазаланып, ауыл тұрғындарының қуанышында шек жоқ.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Түлкібаста каналдар тазаланды