Түлкібаста өрт сөндіру бекеті ашылды
Бұл туралы Түлкібас ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі хабарлады.
Табиғат апаты өрт - тілсіз жау. Әсіресе мынау жазға жақындаған уақыттағы аптап ыстықта өрт қауіпсіздігі бірінші орында тұруға міндетті. Осы орайда Түркістан облысына қарасты Түлкібас ауданында жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды.
22.05 2020 жылы Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары М.Жанесен, Құжаттандыруды қамтамасыз ету және әкімшілік бөлімшесінің басшысы З. Мырзабаев, Түлкібас ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Б.Әзімбаев Түлкібас ауданы, Балықты ауылдық округі Балықты елді мекенінен аудан әкімдігі қолдаумен құрылған "Балықты" өрт сөндіру бекетін ашты.
"Балықты" Өрт сөндіру бекеті 02.05.2020 жылы өрт қауіпті маусымға байланысты - 6 айға Түлкібас ауданы әкімдігімен келісім шарт негізінде құрылды. Бөлінген қаржы соммасы 11 000 000 тенге. Мердігер "Центр пожарно-технических услуг" ЖШС,
"Балықты" Өрт сөндіру бекетінің мекен-жайы: Түлкібас ауданы, Балықты ауылы, Айдақараев көшесі №1.
"Балықты" Өрт сөндіру бекеті 1 ЗиЛ-130(АЦ-2,5-40) негізгі өрт сөндіру автокөлігі, мемлекеттік нөмері KZ 738 АО 17, штаттық кесте - 9 адам, 3- ауысым, өрт сөндірушілер жергілікті тұрғындардан құрылды. Өрт сөндірушілердің біркелкі формасы, жататын орыны мен байланыс жүйесі қамтамассыз етілген. тел. 59-115
"Балықты" Өрт сөндіру бекеті 5 ауыл округіндегі дала тоғай өрттерін сөндіреді және Түлкібас аудандық № 2 Мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне көмекке шығады.
Қазіргі таңда "Балықты" Өрт сөндіру бекеті толық жауынгерлік есепте тұр. Жеке құрамға техникалық қаупсіздігі мен атқаратын міндеттері туралы нұсқаулығы жүргізілді.