Су сенің досың және дұшпаның
Жаздың ыстығында күнге және ыстық құмға қыздырыну, салқын суға шомылу жанға сондай жайлы.
«Су сенің досың және дұшпаның». Адамдардың суда қауіпсіздік ережелері, шараларын орындамауы орны толмас қайғы мен өкінішке айналып жатады. Сондықтан ағымдағы жылдың 26 мамыр күні Түлкібас ауданының Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия төрағасы М. Жанесеннің "Шомылу маусымындағы адамдардың қауіпсіздігін сақтау туралы іс-жоспары" кестесіне сәйкес Аманкелді ауылы, Арыс өзені, Шарафкент ауылы, Балықты өзенінде демалушылармен "Шомылу маусымы кезіндегі қауіпсіздік шаралары" тақырыбында белгіленбеген жерлерде шомылу қауіптілігі мен алдын алу бойынша үгіт насихат жұмыстарын жүргізіп, 35 дана ескертпе парақшалары таратылды. Үгіт насихат жұмыстарына Түлкібас ауданының ТЖБ-нің бастығы а.қ. подполковнигі Б. Әзімбаев, №2 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі бастығы а.қ. подполковнигі Е. Тойлыбаев, аға инженер а.қ. капитаны Б. Оксикбаев, АПБ Жергілікті полиция қызметі табиғат қорғау тобының инспекторы полиция майоры Н. Мұздыбаев қатысты.
Демалушылардың назарына:
Судағы қауіпсіздік шараларын елемеу, адам өміріне қауіпті екенін, балаларды өз еркімен таныс емес белгіленбеген орындарда шомылуға болмайтыны туралы ұдайы ескертіп отыру керек.
Алайда су айдындарына жақын орналасқан тұрғындар қауіпсіздік шараларын елемеуде. Суға батып кетушілердің санын арттырып тұрған статистиканы бәсеңдету үшін және өз жаныңызды аман сақтап қалу үшін не істеу керек? Қандай ережелер мен қағидаларды білген жөн. Түлкібас ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі cуда шомылудың қауіпсіздік шараларын назарларыңызға салады:
-Суға тек рұхсат етілген орындармен жағажайларда шомылыңыз
-Суға шомылатын жерді, судың тазалығы мен, тереңдігін мұхият тексеріп алыңыз,
-Ұзақ шомылмаңыз, өзіңізді шаршауға, тоңып қалтырауға дейін жеткізбеңіз,
-Суға түскенде бір- біріңізді және балаларды көзден таса қылмаңыз
- Тыйым салынған орындарға шомылуға;
- Алкогольдік ішімдіктерді пайдалануға ;
- Терлеп тұрған кезде денені суға үйретпей, түсуге
- Қоршау белгілерінен асуға болмайды.
Есте сақтаңыздар! Судағы аппаттан қорғанудың ең сенімді жолы - суда шомылу ережелері мен қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау.
Түлкібас ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі