Түлкібас: Мектептегі құрылыс жұмыстарына аудан тұрғындары тартылды
Түлкібаста құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Биыл әсіресе елімізде төтенше жағдай режимі жарияланып, мектеп оқушылары қашықтықтан оқыту жүйесіне көшкендіктен, аудандағы бірнеше оқу орындарында қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Түркістан облысы Түлкібас ауданында сәуір айының соңында үш бірдей білім ұясында күрделі жөндеу жұмыстары басталмақ. Атап айтсақ, А.Байтұрсынов, М.Ломоносов, Г.Титов атындағы білім ошақтарына «Жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында республикалық бюджет есебінен тиісті қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстарын жүргізетін мердігер мекемелер анықталып қойған болытын.
Бұл жерде мектептің ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары мен қатар кәріз (канализация), желдеткіш (вентиляция), электр және дабыл қағу (сигнализация) жүйелері толығымен жаңартылып, жаңа жылу жүйесі орнатылады.
Сонымен қатар, бүгінгі таңда «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында ауданымызға қарасты А.Байтұрсынов, Г.Титов атындағы білім ошақтарына күрделі жөндеу жұмыстары сәуір айының аяғында басталып, бүгінде құрылыс жұмыстары қарқынды жүруде.
Айта кетерлігі, «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында аталмыш ғимараттардың құрылыс жұмыстарына тартылған жұмысшылардың 50 пайызын жергілікті тұрғындар құрап отыр.