Түлкібас: Жергілікті сүт өндірісі талқыланды

Түлкібасты жергілікті өндіріс көлемін арттыру әлеуметтік-экономикалық маңызы бар мәселелердің бірі. Ағымдағы жылдың 15 маусымында аудандық мәслихаттың ХХХХХV сесиясында халық қалаулылары тарапынан «Майлыкент Сүт» ЖШС-нің сүт қабылдау бағасын 80-90 теңгеден 110 теңгеге жеткізу мәселесі көтерілген болатын. Бұл сүт өнімін өндірумен айналысатын аудан тұрғындарының өтініші.

image.png

Осыған орай аудан әкімі Н.Байғұт Рысқұлов ауылдық округінде орналасқан «Майлыкент Сүт» ЖШС-не арнайы барып, басшылық құрамымен кездесті. Кездесуде, қабылдайтын сүт бағасын көтеру мәселесі талқыланып, ағымдағы жылдың 20 маусым күні аталмыш кәсіпорын басшылығы мен ортада жүрген сүт жинаумен айналысатын кәсіпкерлер арасында 1 литр сүтті 110 теңгеден қабылдау мәселесі бойынша жиын өту жоспарлануда. Сол жерде аудандық кәсіпкерлік бөлімі, «Майлыкент Сүт» ЖШС-гі және сүт өнімін өндірумен айналысатын аудан тұрғындары тарапынан үш жақты келісім түзілетін болды.
Ауданымыздағы сүт өңдеумен айналысатын ірі кәсіпорынның бірі саналатын «Майлыкент Сүт» ЖШС-нің басшылық құрамы алдағы уақытта жұмыс ауқымы жоспардағыдай болған жағдайда сүт бағасын тағыда көтеруді жоспарлап отырғанын айтты.
Осылайша Түлкібас ауданында аудан әкімдігі тарапынан тұрғындардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастырылып, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыруда.
Айта кетерлік, жоғары сападағы экологиялық таза сүттен жасалатын «Майлыкент-сүт» ЖШС-ң өнім түрлері, бүгінгі таңда ауданда ғана емес, еліміздің басқа өңірлерінде де жоғары сұранысқа ие.
«Бизнестін жол картасы-2020» бағдарламасы аясында жеңілдетілген несие алып, бүгінгі таңда қарқынды жұмыс істеп тұрған сүт өндеу цехы күніне 5 тонна сүт өндеп, майсыз сүттен бастап йогурт, айран, ірімшік сияқты 12 түрлі өнім дайындайды. Аталмыш кәсіпорын 40 астам ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтып, өз өнімдерін республика аумағындағы біршама өңірлерге өткізуде.