Түлкібас: Аудан әкімі сауықтыру орталығының бүгінгі ақуалымен танысты
Түлкібас климаты табиғатпен үндестік тапқан мекен. Ауа-райы мен жер бедері егінге қолайлы болса, ондағы кереметтей жайлаулар жайылымға аса қолайлы. Сондықтан болар Түлкібаста ауыл шаруашылығы қарқынды дамыған.
Аудан әкімі Н.Байғұт соңғы уақыттарда аудандағы көптеген шаруа қожалықтарының жұмыстарымен танысып, тұрғындардың әл-ауқатын бақылауына алған.
Мәселен бүгін ауданға қарасты Кемербастау ауылдық округіне жұмыс сапарымен барып, төтенше жағдай режимінен кейін жұмысын жандандырып отырған «Таң-Нұры» саумалмен емдеу – сауықтыру орталығының бүгінгі күйімен танысты. Күні кеше Қазақстан Республикасының бас санитарлық дәрігерінің №38 қаулысына сәйкес барлық санитарлық талаптарды ескере отырып іске қосылған сауықтыру орталығына алғашқы демалушылар келіп жайғасуда.
Осыдан бірнеше жыл бұрын сауықтыру орталығына «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының өндірістік инфрақұрылым дамыту бағытына сәйкес газ құбырын және қосалқы құрал-жабдықтар орнату шаралары іске асқан болатын. Бүгінгі таңда орталықтың сиымдылығын арттыру мақсатында қайта құрылымдау жұмыстары жүргізілуде. Сауықтыру орталығы тыныс алу жолдары, қан құрамындағы қант мөлшерін түсіру және невралогиялық ауруларға қарсы ем-домдар жасайды.
Орталық нысандарын толық аралап шыққан аудан басшысы орталық директорына қажет болған жағдайда мемлекет тарапынан қандай да қолдау түрін ұсынуға дайын екенін айтып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.
Айта кетерлік, бүгінгі таңда сауықтыру орталығы 84 адамға дейін қабылдауға қауқарлы болса, қайта құрылымдау жұмыстары аяқталғаннан соң қосымша 60 адамға арттыру жоспарлануда.