Қазығұртта 15 әлеуметтік дүкен жұмыс жасайды
Азық-түлік бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында Қазығұрт ауданында әлеуметтік сауда орындарының саны көбейтіліп жатыр. Мұнда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында 14 сауда нүктесі жұмыс жасап тұр.
Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев өңірде азық-түлік бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету және бақылауға алу үшін тиісті шараларды жүзеге асыруды аудан, қала басшыларына жүктеген болатын. Бүгінде осы тапсырманы орындау мақсатында Қазығұрт ауданында 15 әлеуметтік дүкен жұмыс іске қосылып отыр. Халық көп шоғырланған ауылдық округтерде орналасқан дүкендер аз қамтылған отбасыларға азық-түлікті нарықтағыдан 15-20 пайызға арзан бағада сатуда. Сондай-ақ, көпбалалы отбасыларға демеушілер есебінен тегін азық-түлік, киім-кешек басқа да тұрмыстық заттар тегін таратылуда.
Айта кетейік, бір күнде Қазығұрт ауданында 20 көпбалалы аналар мен аз қамтамасыз етілген отбасыларға жалпы құны 200 мың теңге болатын азық-түлік үлестірілді. Сонымен қатар, орталықтан «Балақай» әлеуметтік дүкенінде 20-дан астам отбасының мектеп жасындағы балаларына 130 мың теңге көлеміндегі киім кешек ұсынылды.
Одан бөлек, көпбалалы аналар мен аз қамтылған 58 отбасыға 858 мың теңге шамасында көмек көрсетілді.