Қазығұртта «Түркістан облысында ҮЕҰ-ды дамыту» жобасы бойынша кездесу өтті
Қазығұртта «Түркістан облысында ҮЕҰ-ды дамыту» жобасы бойынша кездесу өтті. Ауданда өткен кездесуге«Түркістан облысының Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалардың қауымдастық нысанындағы бірлестігінің төрағасы Жамалбек Шәріпбек Жамалбекұлы, облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Сариев Даурен Нұрланұлы, «Береке» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Абдуллаева Роза Сәрсенбайқызы, «Береке» қоғамдық бірлестігінің жоба координаторы Андабаева Гүлсім Ахынбекқызы және аудандағы ҮЕҰ-төрағалары мен мүшелері, жастар өкілдері қатысты.
Күн тәртібіне сай жиын барысында Үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын жүргізу бағытындамемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, мемлекеттік гранттар мен сыйақылар және бағдарламалармен жұмыс істеу секілді үкіметтік емес ұйымдарға мол мүмкіндік беретін жобалар туралы мағлұматтар берілді. Сондай-ақ,үкіметтік емес ұйымдардың мәртебесін арттыру мен жұмыстарын жандандыру жөнінде пікірлерлер айтылды.
Жиынды қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары Т.Қалымбетов ауданымызға арнайы келген облыстық топқа рахмет айта отырып, алдағы уақытта игі бастамаларына табыс тіледі
Бөлісу тақырыбы: Қазығұртта «Түркістан облысында ҮЕҰ-ды дамыту» жобасы бойынша кездесу өтті