Сарыағаш: Құрылыс жұмыстары қызу жүріп жатыр
Елде аты жаман індет белең алып бүкіл салаға айтарлықтай зиян келтіргені анық. Десе де сонша жылғы еңбек, құрылған жоспарлар еш қалмақ емес. Мәселен Түркістан облысына қарасты Сарыақаш ауданында құрылыс жұмыстары бүгінгі күні аса қарқынды түрде жүргізіліп жатыр.
Сарыағаш қаласының Самал шағын ауданында 900 орынға арналған мектеп құрылысы басталған. Мердігер мекеме: «Жаңа арна 2002» ЖШС-і. 2020 жылы құрылысы басталған мектеп 2021 жылы тамыз айында пайдалануға берілмек. Ғимараттың жалпы аумағы – 8324,2 шаршы метр. Жоспар бойынша мектептің оқу блогы, спортзалы, асханасы және шеберханасы бой көтереді.
Сарыағаш – шипайжайлы, емдік туризмі дамыған аймақ. Сұранысқа байланысты жыл сайын жаңа кешен бой көтереді. Мәселен, 2020 жылдың маусым айында құрылыс аяқталып, пайдалануға берілген «Дархан» шипажайы бүгінде 100 адамды қабылдауға қауқарлы. Емдік-сауықтыру кешенінде 20 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Ем-домның 24 түрі бар. Одан бөлек, ақылы бірнеше қызмет көрсетіледі. Шипажай жылына 1300-ге жуық демалушы қабылдауды жоспарлауда. Кешенде емделудің орташа құны 12500 теңгені құрайды.
Айта, кетерлігі. жоғарыда аталған жоба-жоспарлар ауданда сонаудан қолға алынған "Ауыл - ел бесігі" атты жобаның аясында жүзеге асырылып жатыр. Болашақта аталған жоба аудан үшін өз жемісін беріп, болашағына зор үлес қосарынан үмітіміз мол.