Ордабасы: Жаңа 600 орындық мектеп салынбақ

image.png

Түркістан облысына қарасты Ордабасы ауданында жуырда балалар жаңа оқу ордасында оқымақ. Сапалы білім беру орнының жұмысы қарқынды жүріп жатыр.

Ауданға қарасты Темірлан елдімекенінде 600 орынға арналған жаңа мектеп салынуда. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары қарқынды жүруде. Оқу ордасы тамыз айында пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.

Бұл Темірлан елдімекеніндегі жаңадан салынып жатқан мектеп.  Мұнда оқушылардың сапалы білім алулары үшін химия, физика кабинеттерінде арнайы  зертханалар ашылатын болады. Айтып өтейік, еңбек кабинеттерінде балалар үшін станоктар қойылмақ. Сондай-ақ  мектепте кең көлемде спорт зал ашылады, - дейді жауаптылар.  Бұл өз кезегінде оқушылардың  сапалы білім алуына үлкен мүмкіндік, - дейді білім бөлімінің басшысы.

Үш қабаттан тұратын білім ошағында  мүмкіндігі шектеулі жандар үшін лифт салынады.  Оқушылардың түстенуі үшін Кең көлемдегі асхана жұмыс жасайды. Сонымен қатар дәмханаға келген азық- түліктерді сақт айтын арнайы қойма да қарастырылған.

Метептегі құрылыс жұмыстары сәтті аяқталса, алдағы уақытта оқушылардың сапалы білім алуларына мүмкіндіктері зор болмақ.