Ордабасы: Жаңа көпірмен жүрер күн алыс емес

image.png

Халық қауіпсіздігі қашан да алғы орында тұрары анық. Ордабасыда әбден тозығы жеткен ескі көпірдің орнына қыркүйек айында қолданысқа жаңа көпір берілетін болады.

Жобаға бюджеттен 220 милион тг қаржы бөлінген, алдағы уақытта қаржыны тиімді игеріп көпірді белгіленген уақытта тапсырамыз дейді. Сондай-ақ мұнда құрылысқа қажетті  материялдарда жеткілікті, және жұмысшыларғада қолайлы  жағдай жасалған. Бұл өз кезегінде  аудан тұрғындары үшінде тиімді болмақ. Бұған дейін көпір мүлдем жөндеу көрмеген, адамдар үшінде қауіпті болған дейді…

"Көпір туралы айта кетер болсам, көпір 5 пролеттан тұрады. Жалпы ұзындығы 96 метр, жолдың жүріс бөлігі 10 метр, көпірдің жалпы ені 12,6 метрді құрайды. Қазіргі таңда біз 1 пролетті қолға алдық. Монтаж жұмыстарын бітірдік. Сондай-ақ екінші пролетте бетондарды қолға алып жатырмыз. Шілде айында бастапқы жұмыстарды бітіреміз деп жоспарлап отырмыз", - дейді Шерзат Сүттібаев – Облыстық жолаушылар көлігі автомобиль басқармасының бөлім басшысы.