Ордабасы: Оңды істер көп
Ордабасы ауданы бүгінде күн санап көркейіп, экономикалық, әлеуметтік тұрғыдан алға ілгерілеушілік байқалады. Жуырда ауданда тұрғындарды жұмыспен қамту бойынша да жоспарлы әрекеттер жасалып жүр.
Үдемелі индустриялы-инновациялық даму бағдарламасы аясында 2010-2019 жылдар аралығында Ордабасы ауданында инвестициялық құны 41 млрд. 877 млн. теңгені құрайтын жалпы 20 жоба іске қосылып, 1 563 жаңа жұмыс орын ашылды.
Бірінші бесжылдықта, 2010-2014 жылдар аралығында 11 жоба іске қосылды, олардың жалпы инвестициялық құны 21 млрд. 102 млн. теңге, жұмыспен 1027 азамат қамтылды.
Екінші бесжылдықта, 2015-2019 жылдары құны 20 млрд 775 млн.тг., құрайтын 9 жоба іске асып, 536 жұмыс орны ашылды.
2020 жылы жалпы инвестициялық құны 26 млрд. 474 млн. теңгені құрайтын 4 жоба 345 жұмыс орнымен іске асырылады деп жоспарлануда.
Ағымдағы жылы туризм саласында да оң өзгерістер орын алмақ. Жыл соңына дейін 118 жұмыс орнымен, жалпы құны 1 млрд. 250 млн.теңгені құрайтын 4 инвестициялық жобаның құрылысы аяқталып, іске қосылады деп жоспарлануда.