Шардара: Бағаны бақылауда ұстау маңызды

image.png

Шардара ауданында бүгінгі таңда дәрі тапшылығы байқалмайды. Десе де ауданда құрылған арнайы топтардың көмегімен дәріханаларда дәрі-дәрмектің бағасын бақылауға араналған жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп отырады.

Аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен, дәріханаларда дәрілік заттардың өткізілуі және шекті бағаның сақталуы бойынша мониторингтік мобильді топ және "Шардара адалдық алаңының" Facebook парақшасының тікелей эфирінде бақылау жүргізді. Бақылау барысында ешқандай баға көтерілеуі немесе басқа да құқық бұзушылықтар байқала қоймады. Барлық медициналық мекемелерге карантин талаптарына сай болу қажеттілігі түсіндірілді.

Сонымен қатар, әкімдік тарапынан арнайы құрылған мониторингті топ мүшелері дәріхана сатушыларына карантин талаптарын қатаң сақтауды, маскалық режим мен әлеуметтік арақашықтықты ұстану тұрғысында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Сондай-ақ өңірде бүгінде індет жағдайы бірқалыпты. Ауруханалардағы науқастар саны да біршама азайып, жағдай толықтай бақылауға алынған. Жергілікті өкімет те карантин шаралары мен дезинфекцияны толықтай қолға алған.

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы да осындай кезеңде тек медицина қызметкерлері ғана емес, басқа да кәсіп иелерін бағаны көтермеуге, елдегі ауызбіршілікті сақтауға шақырған болатын.