Шардара: Орталық ауруханада мобильді топ құрылды
Түркістан облысына қарасты Шардара ауданында төтенше режим кезінде үй карантиніндегі науқастарға жедел жетіп, медициналық көмек көрсету үшін мобильді топ құрылды.
Ауданда медициналық кадр тапшылығы байқалмайды. Бүгінде қызметкерлер профессионалды түрде кез келген жағдайда ем көрсету халіне келді.
Аталған мобильдi топ мүшелерi қала аумағында тұрғындардың үйлерiне арнайы барып, оларға қазiргi болып жатқан пандемияның алдын алуға кеңестерiн айтып, ауыр халдегi адамдарға көмек көрсетуде. Топ мүшелерi болып табылатын дәрiгерлер мен мейiрбикелер денсаулығына шағым айтушы жандарды тексерiп, оларға үй жағдайында қалай күтiнiп, емделу керектiгiн егжей-текжейлi түсiндiруде. Ал тұрғындар үйлерiне келген дәрiгерлердiң осы шараларына ризашылықтарын бiлдiруде.
Аталған шара алдағы уақыттары да өз жалғасын табады.
Дезинфекциялау жұмыстарына келер болсақ, Шардара қаласы мен ауылдық округтердегi көшелер мен аяқжолдар, балалар алаңшалары тағы да басқа қоғамдық орындар део-хлор ерiтiндiсiмен аптасына 2 реттен залалсыздандырылуда. Ол жұмыстар 11 бiрлiк ОВХ тiркемесi, 30 бiрлiк қолмен бүркеу (ранцовый) аппаратымен жүргiзiлуде. Бұл тұрғыда аудандағы 1345 объектiде (сауда дүкендерi, сауда орталықтары, сән салондары, кафе, қоғамдық тамақтану орындары т.б. мекемелер) барлығы 1758502,2 шаршы метр аумақта күнделiктi кестеге сәйкес, дезинфекциялау жұмыстары атқарылып отыр.