Созақ: 15 инфроқұрылымдық жоба қолға алынды
Созақ ауданында 15 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылуда. Биылғы жылы ауданға "Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасы" аясындағы жоспарларды жүзеге асру мақсатында бюджеттен 291 млн теңге бөлінді. Бақылау тобының мүшелері жүйелі түрде жоспарланған жұмыстарды өз бақылауына алатын болады.
15 жобаға көшелерді жарықтандыру, абаттандыру жұмыстары, спорт саласы, ауыз сумен қамтамасыз ету және ауыл көшелерінің ағымдағы жөндеу жұмыстары кіреді. Бүгінде жүзеге асырылып жатқан жобаға аудан әкімдігінен құрылған арнайы мониторингтік топ бақылау жұмыстарын жүргізді.
«Бұл Қызылкөл ауылына тартылып жатқан ауыз су құбыры. Мердігер мекеме «Собдис- Строй» ЖШС.Ағымдағы жылдың мамыр айында басталған жөндеу жұмыстары тамыз айында аяқталуы тиіс. Алдағы уақытта аудан тұрғындары таза ауыз сумен қамтамасыз етіледі», - дейді Созақ ауданы әкімінің орынбасары Ақәділ Сатыбалды.
Бұл Қызылкөл ауылына тартылып жатқан ауыз су құбыры. Мердігер мекеме «Собдис- Строй» ЖШС. Ағымдағы жылдың мамыр айында басталған жөндеу жұмыстары тамыз айында аяқталуы тиіс. Алдағы уақытта аудан тұрғындары таза ауыз сумен қамтамасыз етіледі.
Айта кетерлігі, конкурс нәтижесі бойынша анықталған жобалар бойынша 83 жаңа жұмыс орыны ашылған. 45 азамат жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмыс басты болып отыр. Барлығы жергілікті тұрғындар.