Сайрамда ретсіз саудамен айналысқандарға уақытша ақысыз орындар ұсынылды

image.png

Сайрам Ауданы Ақсукент ауылының Жібек жолы, Абылайхан көшелерінің қиылысында бірнеше жылдан бері шешімін таппай келген ретсіз сауда мәселесі шешілгендей болды. Сайрам ауданында табыс табуға кедергі келтірмеу мақсатында, ретсіз саудамен айналысқан азаматшаларға рұқсат етілген жерлерден карантин режимі біткенге дейін жалдамалы ақысынан босатылған орындар ұсынылды.

Әубаста ретсіз сауда жасайтын 6 әйел азаматша "маска тақпағаны үшін карантин талабын бұзды деген айыппен әр азаматшаға 200 мың теңге айыппұл салынды" деп арыз айтқан-ды.

Ретсіз сауда жасаушы азаматшалардың арызын тыңдаған аудан әкімдігінің қызметкерлері "өгіз өлмейтін, арба сынбайтын" жолдарын жан-жақты қарастырды.

Анықталғанындай, азаматшаларға айыппұл ретсіз сауда жасағаны үшін, қоғамдық орынды ластағаны және тағы басқа жағдайларға байланысты әр азаматшаға 5-7 реттен айыппұл салынып, оның көлемі 50-190 мың теңгені құраған.

Олардың үшеуі қазіргі таңда ТүлкібасЖетісайШымкент қаласының Қаратау ауданында тұратыны анықталып, жергілікті әкімдіктер тарапынан тиісті көмек көрсету жұмыстары ұйымдастырылғаны туралы жауап жолдады.

Алты әйел азаматшаның бесеуі ұсынылған орындардан бас тартты. Оның үшеуі басқа сауда нүктелеріне баратынын айтса, бір азаматша жүктілігіне байланысты жұмысын тоқтататынын, ал бірі басқа кәсіппен айналысқалы отырғанын алға тартты.

Сонымен бір ғана Н.Усенова есімді азаматша "Мереке" базарындағы орынға жайғасты. Базар басшысы Нұркен Ералиев карантин мерзімі аяқталғанға дейін орынға ақы алмауға келісімін берді.

Айта кетейік, азаматшаларға алдағы уақытта да заңдылығы мен қажеттілігіне қарай көмек көрсетіледі. Ал ретсіз сауда орындарын жою мақсатындағы жұмыстар аудан көлемінде өз жалғасын табады.