Сарыағаш: «Пара берме, алаяққа алданба!»
Сарыағаш ауданында мемлекет пен қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі күш-жігерін біріктіру мақсатында «ПАРА БЕРМЕ, АЛАЯҚҚА АЛДАНБА!» тақырыбында 500 брошюралар тарқатылып алаяқтарға алданбау мақсатында агитациялық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сарыағаш ауданы әкімдігінің, Сарыағаш аудандық прокуратурасының бастамасымен Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы және мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек түрі бойынша аудан әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының тарапынан 3 жұмысшы топ құрылып қала, кент және ауылдық округтерді аралап халық арасында «Пара берме, алаяққа алданба!» тақырыбында 500 брошюралар тарқатылып алаяқтарға алданбау мақсатында агитациялық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Арнайы дайындалған буклеттер, жарнамалар халыққа қызмет көрсету орталығы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, жұмыспен қамту орталығы, кәсіпкерлік палата, ауруханалар, мешіттер, «Алып», «Дәулет» сауда орталықтары, Қазпошта, теміржол, автобекеттер және 14 қала, кент және ауылдық округтердің халық көп шоғырланған жерлерде таратылды.
Халық арасында түсінбеушілік және алаяқтарға алданбау үшін, қала, кент және ауылдық округ әкімдігінің жауапты маманы, орталық тарапынан бекітілген ассистенттер, аудан әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының мамандарына жүгініп немесе сенім телефондарына хабарласып толық ақпарат алуға мүмкіндігіңіз бар екенін хабарлаймыз.